Қошқаран ауылы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қошқаран ауылы

Қошқаран ауылыпалеолит дәуірінің ескерткіші. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 18 км жердегі Қошқорған ауылының маңында орналасқан. 1950 ж. палеонтолог М.Беляева тапқан. 1986 – 88 ж. Оңтүстік Қазақстан геологиялық экспедиция (жетек. Б.Ж. Аубекеров), 1993 – 94, 1997 ж. Қазақстан – Ресей біріккен археологиялық экспедиция (жетек. А.П. Деревянко) зерттеген. Шақпақтас, кварц, әктас, кварцит, құмтас, эффузивтен дайындалған 5144 дана тас бұйымдар қазылып алынған. Олар: өзектас пішіндес бұйымдар, жарқыншақ, леваллуа әдісімен жасалған құралдар, қырғыш, ұсақ тас жаңқа мен қабыршақтар, тісті-ойықты құралдар, өндіріс қалдықтары, тағы басқа Анықталған мерзімдік шегі б.з.б. 500 жылдан асады. Қазақстан, Ресей, Германия ғылыми-зерттеу орталықтарынан алынған мұндай мәліметтер республика аумағын адамдар ерте палеолит дәуірінде мекендегенін айғақтайды. Қошқараннан солтүстік-шығысқа қарай 2,4 км жерде Қ-2 ескерткіші ашылған. Онда 1997 – 99 ж. кең көлемде қазба жұмыстары (ені 5 м, ұзындығы 10 м, тереңд. 11 м) жүргізілді. Зерттеу барысында 44 дана тас құралдар алынды. Қошқаран және оның төңірегіндегі Шоқтас ескерткіштері – Қазақстан жерін ежелгі адамдар бұдан 1 млн. жыл бұрын қоныстанған деген болжам жасауға мүмкіндік беретін бірегей кешендер.

Дереккөздер

Қазақ энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қошқаран ауылы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}