Қотанкөл
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Көл Қотанкөл – Сырдарияның сол жағалық жайылмасында жатқан көл.
Географиялық орны
Қызылорда облысы Арал ауданы Шөмішкөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 11 км жерде, Қазалының сол жағалық каналы мен Ақшатау көлдері аралығында жайғасқан.
Гидрографикасы
Аумағы 12,0 км2, ұзындығы 6 км, енді жері 2,5 км, ең терең жері 6 м.
Жағалау сипаты
Жағалауы жазық, шалшықты, тек батыс бөлігі ғана көтеріңкі. Су бетінде өсімдік аз кездеседі, көл түбін балдыр басқан.<ref> Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>