Қос сөз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қос сөз<ref name="source1">"Қазақ энциклопедиясы", VI-том</ref> – қосарлану немесе қайталану арқылы бір ұғым ретінде жасалған сөздер. Қос сөздер мағыналық, тұлғалық жағынан әр түрлі. Жасалу тәсіліне қарай қосарлама және қайталама қос сөз болып бөлінеді. Қосарлама қос сөз өзара мәндес немесе қайшы мәндес сөздердің қосарлануынан жасалады. Мысалы, ата-ана, салт-сана, құрт-құмырсқа, ер-тоқым (мәндес қос сөз); күні-түні, азды-көпті, үлкенді-кішілі, ертелі-кеш (қайшы мәндес қос сөз). Қайталама қос сөз бір сөздің қайталанып айтылуынан жасалады. Мысалы, сөйлей-сөйлей, төбе-төбе, қолма-қол, жекпе-жек. Бірқатар қос сөздердің екінші сыңары жеке қолданылмайтын, мағынасыз сөздер болып келеді. Мысалы, оқта-текте, анда-санда, ырың-жырың. қос сөз дефис арқылы жазылады. Сөздердің қосарлануы, қайталануы нәтижесінде жалпылау, жинақтау, топшылау, болжалдау, мөлшерлеу секілді грамматикалық мағыналар үстеледі, жаңа мағыналы сөздер туады. Сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөздерді қос сөз деп атайды. Сөздерді қосарланып немесе қайталап қолдану жаңа сөз жасаудың бір долы болып табылады. Мысалы: Жан-жануар, адам-зат анталаса, Ата-анадай елжірер күннің көзі.(Абай) Бұл сөйлемде жан-жануар, ата-анадай дегендер - қос сөздер, олар жаңа мағына білдіріп тұр: жан - жануар - бүкіл айналадағы, табиғаттағы жанды заттар; ата - анадай ең жақынтуғандар ата мен анадай деген мағынада, яғни шынайы мейірімділік деген мәнде қолданылады.
Қос сөздер екі түрлі болады: қайталама қос сөздер және қосарлама қос сөздер.

Қайталама қос сөздер

Бір түбірден екі рет қайталануынан жасалған қос сөздер қайталама қос сөздер деп аталады. Оладың жасалу жолдары мынадай:
1) қосымшасыз және қосымшалы түбірдің түгелдей қайталануы, мысалы тау - тау астық, көре-көре еөсем болады, т.б.;
2) бір сыңары қосымшалы, бір сыңары қосымшасыз бір түбірдің қайталануы, мысалы: көзбе-көз айтты, ауыл-ауылды аралады, т.б.;
3)бір түбірдің әр түрлі қосымша жалғанып қайталануы, мысалы: өзді-өзіне айтты, қолды-қолымен кетті, т.б.;
4) екінші сыңары бірінші сыңарына еліктеу мәнінде келіп, дауыссыз дыбыстан басталатын сөздің бірінші дауыссыз дыбысының орнына және дауысты дыбыстан басталатын сөздің алдына м, п дыбыстары қосылып жасалуы, мысалы; ет-мет, шай-пай, түйе - мүйе, т.б.;
5)еліктеуіш сөздің екінші сыңары кейбір дыбыстық өзгерістерге ұшырап қайталануы, мысалы: тарс-тұрс дыбыс, жалт - жұлт етті, т.б.;
6) түбір сөздің алдынан күшейткіш буын қосылып айтылуы, мысалы: үп-үлкен, қып-қызыл, т.б.

Қосарлап қос сөздер

Екі түбірден қосарланып жасалған қос сөзді қосарлама қос сөз дейді, мысалы: аяқ - табақ, құрт-құмырсқа және т.б.

Пайдаланған әдебиетттер</span>

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қос сөз|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}