Қос батыр ескерткіші (Құмай ғибадатханасы)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Құмай ғибадатханасы.jpg
Құмай ғибадатханасындағы Қос батыр ескерткіші.

Қос батыр ескерткіші (Құмай ғибадатханасы)Ақмола облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Ерейментау ауданы, Қарағайлы ауылынан солтүстікке қарай 5 км жерде орналасқан.

Кезеңі

Біздің дәуіріміздің VI-VII ғасырлары.

Тарихи дерек, сипаты

"Қос батыр" нысаны "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орналасқан Құмай археологиялық-этнографиялық кешенінің құрамына кіреді. Тас мүсіндер граниттен қашалып шығып келе жатқан күнге шығыс жаққа беттеліп орнатылған. Сол қолында қаруы, оң қолында ритуалды ыдысы бар, өзіндік ант беріп жатқан күйінде таста бейнеленген жауынгерлер стилистикалық жағынан далалық балбалдарға жатқызылады. Жауынгерлердің белбеулеріне бекітілген қынаптағы қанжарлар өзіндік ерекше белгі болып табылады. Ең дұрыс жорамалдар бойынша, бұл жауынгердің ақсүйектік болмысын көрсетуге арналған, мұны түркілердің ең алғашқы және ең айқын этникалық белгісі ретінде есептеуге болады. Әдетте көшпенділер мұндай тас мүсіндердің айналасында әруақтарға – ата-бабаларының рухына тағзым еткен.
"Қос батыр" ескерткіші ерте түрік дәуіріне тән, айқын символикалық мағынасы мен қызметі бар далалық қолдан тұрғызылған нысан болып табылады.<ref>Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер