Қосқорған бөгені
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қосқорған бөгені - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық әкімдігі аумағында, Қарашық өзенінің бойында салынған. 1982 жылы пайдалануға берілді.
Сипаты
Бөген теңіз деңгейінен 372 м биіктікте жатыр. Аумағы 5,8 км2, су сыйымдылығы 36 млн./м3. Бөген суын Түркістан қаласының техникалық қажеттілігіне және қала аумағына қарасты елді мекендердің шаруашылығына пайдаланылады. <ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>