Қостанай облыстық орыс драма және қуыршақ театры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қостанай облыстық орыс драма және қуыршақ театры<ref>"Қазақ энциклопедиясы", VI-том</ref>, А.М. Горький атындағы Қостанай облыстық орыс драма және қуыршақ театры – мәдени-сахналық мекеме.

1922 жылы ұйымдастырылған. 1936 жылға дейін губерниялық театр, қалалық, қалалық кеңес театры болды. 1936 жылы облыстық драма театрына айналды. Алғашқы жылдары орыс және украин труппасы болды. Театр сахнасынан шетел жазушыларының шығармалары басты орын алды. Сондай-ақ қазақ жазушылары С.Жүнісовтің“Ажар мен ажал” (1967), Н.Оразалиннің“Шырақ жанған түн” (1982), Мүсіреповтің“Қозы Көрпеш – Баян сұлу” (1991) және М.Әуезовтің“Абай” (1995) пьесалары сахналанды. Қуыршақ театрының труппасы республикалық және халықаралық деңгейдегі қуыршақ театры фестивальдарында жүлделі орындар алды (Челябинск, 2000, Пермь, 2003).<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}