Қособа

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қособа Жалпақтал ауданындағы Көктерек ауылы маңындағы оба. Ол 19 қорғаннан және 1 құрбан шалатын орыннан тұрады. Қорғандар топырақ үйіндісі түрінде.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref> Топырақ үйінділерінің диаметрі 6-50 м, биіктігі 0.2-2 м. Құрбан шалатын орынның пішіні төртбұрышты (70x20 м), биіктігі 0.5 м-ге дейін. Оба археологиялық барлау (Ғ.А.Кушаевтың басшылығымен) кезінде 1971 жылы табылды. Оған 197-1979 жылы Орал педагокикалық институтының археологикалық тобы (Кушаев, Б.Железчиков, В.Кригер) қазу жұмысын жүргізді. Әр түрлі дәуірге жататын 12 қорған қазылды. Нәтижесінде біздің заманымыздан бұрынғы VI-V ғасырға жататын керамикалық ыдыстар, моншақтар, шағын қола білезіктер, сондай-ақ қыпшақ дәуіріне жататын бас киім жұрнақтары, тозған қорамсақ, қола айналар, темір жебе ұштықтары, т.б. табылды. Қособа ертедегі қола дәуіріне жатқызылды.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}