Қосбатыр Тәжиев
Тәжиев Қосбатыр (Жаманқұл) (1895, Форт-Александровск – 1974) – кеңес, партия қызметкері.
Жас кезінде Форттағы 2 сыныптық орыс мектебінде бастауыш білім алды. 1915 – 1917 жылы Кавказда түрік майданының қара жұмысында болды. 1917 – 1929 жылы Адай уезінде азық-түлік комитетінің қызметкері, Жеменей болысы комитетінің төрағасы, 1930 – 1933 жылы «Қызыл металлист» артелінің төрағасы, 1933 – 1937 жылы Баутин балық заводты директорының орынбасары, 1937 – 1962 жылы жол бөлімінің қызметкері, қойма меңгерушісі, тас өндіру конторының директоры қызметтерін атқарған.
Т.Г. Шевченко туралы әкесі айтқан естеліктерді және Маңғыстау жөнінде жазушы С.Мұқановқа деректер берген. Форт-Шевченкодағы жол, Баутин портындағы пирс көп жылдар Тәжиев атымен аталған.<ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.</ref>
Дереккөздер
<references/>