Қосбармақов Ержан Әбутәліпұлы
Қосбармақов Ержан Әбутәліпұлы (13.7.1962 жылы туған, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылы) - әнші, домбырашы, педагог, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1996). Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген (1993). Еңбек жолын 1982 ж. Күрті ауданы мәдениет бөлімінің "Сарықұм" ансамблінде әнші болып бастады. 1983 - 85 ж. Жамбыл ауданы мәдениет үйінде, 1985- 97 ж. Алматы филармониясының "Адырна" фольклор-этнография ансамблінде өнер көрсетті. Көптеген республикалық байқаулардың жүлдегері. 1994 жылдан Алматы консерваториясында педагог. 1997 жылдан Алматы эстрада және цирк колледжінің директоры. "Дарын" сыйлығының иегері (1994).<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify