Қорғалжын (көл)
Үлгі:Көл Қорғалжын – Нұра алабындағы көл.
Географиялық орны
Ақмола облысының Қорғалжын ауданы жерінде орналасқан. Теңіз деңгейінен 307,5 м биіктікте орналасқан.
Гидрографикасы
Ауданы 330 км2, ұзындығы 33 км, ені 21 км, орташа тереңдігі 1,6 метр, ең терең жері 3 м, суының мөлшері 0,5 км3-ге жуық. Су жиналатын алабы 55 мың км2. Солтүстік және шығыс жағасы жарқабақты, батыс және оңтүстік бөлігі жайпақ. Алабының көпшілік жері егістік, қалған жері жайылым. Нұра өзені және көктемгі қар, жауын-шашын суымен толығады. Суының минералдылығы 0,7 – 3,5 г/л.
Көл байлығы
Балық (тұқы, мөңке, алабұға, шортан, аққайран, т.б.) көп. Жағалауында аққу, бірқазан, барылдауық үйрек, балшықшы, т.б. құстар, қамыс арасында жабайы шошқа кездеседі. Қорғалжын және Теңіз көлдерінде Қорғалжын қорығы ұйымдастырылған.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>