Қоралану

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:22052011809.jpg
Күн қоралануы (Қазақстан, Орал, 22.05.2011)

Қоралану , немесе Гало деп те аталады, (Halo, көне грек: ἅλως, halōs<ref>Үлгі:OEtymD Үлгі:LSJ.</ref>) — Күн және Ай секілді жұлдыздық нысандардың айналасында пайда болатын, пішіні алқаға (не дискке) ұқсайтын айқын көрінетін жарық жолағы болып, ол жарықтың бұлттағы мұз кристалдарынан сынуы және шағылуы нәтижесінде пайда болатын атмосфералық-оптикалық құбылыс. Ол көбінесе сақина пішінді, доға, жарық діңгегі, нұрлы дақ секілді пішіндерде болып, күнді, не айды қоршап тұрады. Ол қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көк, көгілдір, күлгін секілді 7 түрлі түстің қабаттасуы болып көрінуі мүмкін.

Ата-бабаларымыз қораланудың күннің төңірегінде көрінгенін "күн қоралануы", айдың төңірегінде көрінгенін "ай қоралануы" деп атаған. Бұдан басқа күннің қасынан қатарласқан күн пайда болса оны Сағым күн деп атаған.<ref>http://www.atoptics.co.uk/halo/circ2.htm</ref> Атмосферадағы мұз кристалдарын түйдек бұлттар әкеледі, оларға күн (ай) сәулесі шағылысқанда адам көзіне іші қызыл, сырты күлгін сақина пішінді жарықтар көрінеді. Ал, егер су тамшылары күнге шағылысса, одан көбінесе кемпірқосақ секілді құбылыстар туылатыны белгілі.

Түрлері

Сурет:Light-ice 22deg hg.png
Қалыптасу себебі

Қоралану – кіші қоралану және үлкен қоралану деп бөлінеді. Кішісі 22° қоралану болса, үлкені 46° қоралану есептеледі. Кіші қоралануда қораланған (күн, не ай) алқа пішінді жарықтың ортасында тұрады, қоралаушы сақина жарықтың іші қызыл, сырты күлгін, не ақ болады. Қоралаған жолақтың ішіндегі аспан сыртындағы аспанға қарағанда біршама жарығырақ болады. Ал, үлкен қоралану аз кездеседі, ол алып және біршама қараңғырақ көрінеді.

Сурет:Hexagonal Ice Crystals.svg
Аспандағы мұз түйіршіктерінің пішіні


Көп кездесетін қоралану құбылысы және оның аспандағы орны:

Сурет:Moon 22 halo colorado.jpg
Айдың 22° қоралануы
Сурет:Fargo Sundogs 2 18 09.jpg
Сағым күн, Солтүстік Дакота штаты
Сурет:Sun pillar and kitesurfers.jpg
Сан-Францискодағы қадау жарық, Калифорния
Сурет:HALO-S south pole.jpg
Күн алқасы (1980ж.)
Қоралану құбылысы түсіндіру
(1) 22° қоралану Көп кездеседі; күзету бұрышы 22° сақина пішінді; ол атмосферада көптеген 6 бұрышты мұз кристалдары күнге шағылысып пайда болады.
(2) Сағым күн(Sun dog) 22° қоралануда пайда болады, ол да 6 бұрышты мұз кристалында шағылысуынан аспанда бірнеше күн бір уақытта көрінеді.
(3) Қадау жарық (Light pillar) көлденең жаттық күйдегі мұз кристалдары қатарласуынан пайда болады.
(4) Күн алқасы (Parhelic circle) сирек кездеседі, күн сәулесі жаттық, немесе тік күйдегі мұз кесектеріне шағылысып пайда болады.
(5) Аспан доғасы (circumzenithal arc) Көбіне Сағым күн құбылысымен қатар шығады, пайда болу себебі Кемпірқосақ құбылысына ұқсайды
(6) Ұшырасу доғасы бір бөлігі ғана көрінеді, көлденең орналасқан мұз кесектерінен қалыптасады
(7) 46° қоралану Өте сирек кездеседі, 22° қоралану тым жарық болғанда ғана туылады.
(8) Сағым күн(төменде) Көкжиектен, таудан етекке қарағанда көрінеді. Кейде ұшақтан да көруге болады
Аспан шудасы /Аспан жарқылы Circumhorizontal arc Тек 58° биік өңірде ғана байқалады. Ол отқа жанған бұлтқа, немесе алып кемпірқосаққа ұқсауы мүмкін.
120° Сағым күн Сирек кездеседі, өте жарық Сағымкүннің пайда болуына қатысты.
Күн жарқылы Supralateral arc 46° қораланумен салыстырғанда өте әдемі, бейне болып, іші қызыл түсті керемет кемпірқосаққа ұқсайды.<ref>meteoros.de 21 (abgerufen 18. März 2010)</ref>

Сағым күн

Сағым күн(Sun dog<ref>The American Heritage Dictionary of the English Language http://education.yahoo.com/reference/dictionary/entry/mock%20sun</ref>)— қораланудың айырықша түрі, ерекше бір атмосфералық оптикалық құбылыс есептеледі. Кеңістікте қалқыған алты қырлы мұз кесектері ретті түрде күн сәулесін сындырып, шағылыстырғанда әуелгі күннің екі жағынан екі (не төрт) күн пайда болады.<ref name="atoptics-sunalt">Үлгі:Cite web</ref> Мысалы 2013 жылы Қытайдан 5 күн бір уақытта көрінген болатын.

Сурет:Sun dog at Stonehenge.jpg
Стоунхендж төбесіндегі шағын Сағым күн

Сағымкүн көбінесе 22° қоралануда пайда болады.<ref>The American Heritage Dictionary of the English Language, 2004</ref> Ол әлемнің кез келген түкпірінде, кез келген маусымда болуы мүмкін, бірақ ылғи да анық, көрнекі бола бермейді. Әсіресе күн батқан кезде көбірек көрінеді.

Сағым күн мұз кристалдары өте суық ауада, ауа ағысы біршама баяу өңірде көбірек пайда болады. Сағым күндер шынайы күнге салыстырғанда қызарыңқы болады.

Грек тілінде Parhelion (παρήλιον – parēlion) сөзінің мағынасы "күннің қасында" дегенді білдіреді.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Ал ағылшын тіліндегі Sun dog сөзінің келіп шығуы әлі толық анық емес, көбінесе оны ежелгі Скандинавия ертегілерімен байланыстырады.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Сурет:Nuremberg chronicles - Sun Dogs (CCIIIv).jpg
Нюрнберг Хроникасындағы Сағым күн бейнесі

Ежелгі грек философы Аристотель өзінің «Метеорология — Ауа райы туралы» кітабында былай жазған: "Күн секілді екі жасанды күн күнмен бірге туып, бірге айналып, ақыры бірге батты" деп жазады. Ол тағы "Жасанды күндер" әрқашан бірдей биікте және бірдей қашықтықта болады, көбінесе күн шыққан және батқан кезде анық көрінеді, ал түсте тым аз көрінеді деп түсіндірді.

Ақын Араттың (Aratus, «Phaenomena» 880-891)жазуынша, Сағым күн оның ауа райын болжауының бір дерегі есептеледі, ол Сағым күнге қарай отырып жаңбыр мен желді, болуы мүмкін дауылды нөсерді болжай аламын деген.

Артемидор (Oneirocriticaлық, «Түс жору кітабы») өз кітабында жасанды күндер арасындағы Құдайлар туралы айтады.<ref>p.125 Artemidorus – The Interpretation Of Dreams Oneirocritica by Artemidorus Translation and Commentary by Robert J. White c.1975 1990 Oriingal Books, Inc. 2nd Edition Published in the U.S. ISBN 0-944558-03-8</ref>

Республикашыл шешен Цицерон Сағым күнді сенаттың екіжүзділігіне теңеу ретінде қолданады.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Сенека өзінің табиғат туралы кітабында да Сағым күнді тілге алады.<ref>Seneca, Ricerche sulla Natura, P. Parroni editor, Mondadori, 2010</ref>

1629 жылы жазда Римде көрінген Сағым күн Декарттың метафизиканы тастап, табиғат философиясын зерттеу еңбектерін жазуына түрткі болған екен.<ref>René Descartes - Metaphysical turn, Stanford Encyclopaedia of Philosophy</ref>

Қадау жарық

Қадау жарық, немесе жарық діңгегі — күн шыққан, не батқан кезде түзу діңгек пішінді жарық құбылысы. Бірақ ол әсіресе жоғары биіктен бақылағанда күндіз де пайда бола береді. 6 бұрышты жалпақ, немесе жұмыр пішінді мұз кристалдары және су тамшылары осы құбылыс пайда болуының себебі есептеледі. Жұмыр таяқ пішінді мұз кристалдары күн көкжиектен 20° биік болғанда осындай қадау жарық пайда қылады. Мұз кристалдары ауада пайда болғанда, көбінесе бірдей жазыққа орналасатындықтан, Қадау жарықтың кеңдігі мен көріну деңгейі мұз кристалдарының орналасуына байланысты болады.

Ай және көше шырақтарының жарығы да Қадау жарық пайда қылуы мүмкін. Жердегі жарық көзінен пайда болған Қадау жарық күн мен айдікінен де биік болуы мүмкін. Әдетте, күзетуші жарық көзіне жақындаған сайын, кристалдың Қадау жарық пайда қылу шамасы да әлсірей түседі.

Фотографиядағы қораланған жарық

Фотографиядағы суретке түскен қораланған жарық көбінесе абайсызда туылатын оптикалық әсер (эффект) есептеледі. Ол негатив бірден жарық еткенде шағылысқан жарыққа дөп келуінен пайда болады, немесе негативті жуған кезде қоршаған және шағылысқан сәуледен туатын диафрагмадан болады. Қазіргі фото негативтерінде "қораланған жарықтан қорғану қабаты" бар және сол арқылы бұл түрдегі қораланудан сақтанады.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер