Қопа таспасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Қопа (қопалы) астрагалы (лат. Astragalus kopalensis)<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref> - бұршақ тұқымдасына жататын бұта.

Ботаникалық сипаты

  • Биікітігі 50 см-ге дейін жетеді.
  • Діңін құба сұр қабық жапқан.
  • Қандауыр тәрізді жапырағының ұзындығы 5-10 см, 6-7 жұбы сабаққа қатарласа орналасқан.
  • Гүлсидамы жапырағынан ұзын, қысқа ақ түк басқан.
  • Гүлшоғыры тығыз, цилиндр пішінді, ұзындығы 13 мм-дей болатын тостағаншасы гүлдеу мерзімінің соңына қарай жұмыртқа тәрізденеді. Күлтесі күңгірт сары түсті. Ұзындығы 1 см-дей, бұршаққабы тостағаншаға бекіген, ақ үлпілдек және тығыз қара түгі бар. Тұқымынан көбейеді. Маусым айында гүлдеп, шілде-тамызда жеміс береді.

Өсетін орны мен таралуы

Қазақстанда Жоңғар Алатауында кездеседі. Тасты-қиыршықтасты тау баурайында, далалы шалғында, бұталар арасында өседі. Сирек кездесетін эндемик. Мал жайылымы ретінде пайдаланылатындықтан саны жылдан-жылға азаюда. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Дереккөздер

<references/>