Қоныс аудару

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қоныс аудару, миграция (латынша mіgratіo – қоныс аудару, орын ауыстыру) – 1. демографиядахалықтың тұрғылықты мекенін, қонысын ауыстыруына байланысты көшіп-қонуы. Қоныс аудару халық өсуінің аса маңызды мәселелерінің бірі болып табылады, ол халықтың жай ғана мекен ауыстыруы емес, әлеуметтік-экономикалық тұрмыстың сан алуан қырларын қозғайтын күрделі қоғамдық мәселе ретінде қаралады. Жерге қоныстану, жерді шаруашылық мақсатта игеру, өндіргіш күштерді дамыту, нәсілдердің, тілдердің, халықтардың құралуы, араласып-құраласуы сияқты мәселелер осы қоныс аударумен тығыз байланысты. Сыртқы (құрылық аралық және мемлекет аралық) және ішкі (мемлекет ішіндегі) қоныс аудару: аудан аралық қоныс аудару, халықтың ауылдық жерлерден қалаға көшіп-қонуы түрлеріне бөлінеді. Тұрақты (тұрақты не ұзақ мерзімге мекендеу үшін көшіп-қонуы) және уақытша, маусымдық (біршама қысқа мерзімге көшіп-қону) қоныс аударуы да мүмкін; қоныс Көші-қон; 2. биологияда – тіршілік ету ортасының өзгеруі немесе даму кезеңінің өзгерістеріне байланысты жануарлардың бір жерден екінші жерге орын ауыстыруы. Балықтардың қоныс аударуын өрістеу деп атайды. Уылдырық шашу, қоректену және қыстап шығу үшін балықтардың белгілі маусымда, теңізден өзенге қарай, судың ағынына қарсы және теңіздердің ішкі жағынан жағалауға қарай жаппай жүзуін – анадромды қоныс аудару, ал кейбір балық түрлерінің уылдырық шашу үшін өзендерден теңізге қарай және теңіздердің жағалауынан ішкі жағына қарай өрістеуін – катадромды қоныс аудару деп атайды; Жануарлардың қоныс аудару; Құстардың қоныс аударуы.<ref name="source1>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Пайдаланған әдебиетттер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қоныс аудару|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}