Қонақ тары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Қонақ тары немесе Баттауық. немесе Ит қонақ, немесе Қарабас шөп<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref> (Үлгі:Lang-la) – астық тұқымдасының Echinоchloa туысына жататын бір жылдық өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 10 см-ден 120 см-ге дейін жетеді.
  • Сабағы түбінен бастап бұтақталған, домалақ сабан сабақты.
  • Жапырағы жалпақ таспа тәрізді, тілшесіз, жиегі өткір бұдырлы.
  • Масағының қос жынысты жұмыртқа тәрізді бір гүлі болады, сағақсыз немесе қысқа гүлсағақты.
  • Гүлшоғырының ұзындығы 20 см-дей сыпыртқыгүл.
  • Масағының ұзындығы 3 мм-дей, қатты түкті қабыршағы бар.
  • Жемісі - сопақша келген дәнек, ұзындығы 2-3 мм, ені 1,2-1,25 мм.

Көбеюуі

Маусым-қыркүйек айларында гүлдейді, тамыз-қыркүйек айларында піседі. Тұқымынан көбейеді. Дәні құстарға азық ретінде қолданылады.

Өсу ареалы

Қазақстанның барлық жерінде егістіктерде және бау-бақшаларда өседі.

Дереккөздер

<references/>