Қомшабай Сүйенішұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қомшабай Сүйенішұлы (14.12. 1938 ж.т., Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Макпалкөл а. ) - ақын, прозашы, драматург.

  • ҚазҰУ-ды бітірген (1959).
  • 1959 - 62 ж. Қызылорда облыстық телерадио комитетінде әдеби кызметкер,
  • 1962 - 1982 ж. Қызылорда облыстық "Ленин жолы" (казіргі "Сыр бойы") газетінде бөлім меңгеругаісі,
  • 1982 - 92 ж. Қазақстан Жазушылар одағының Қызылорда облысындағы әдеби кеңесшісі кызметін атқарған.
  • 1992 жылдан Қызылорда облысы ақын-жазушыларының "Қаламгер" ұйымына торағалық етеді. Түңғыш жыр топтамасы республикалық баспасөзде 1959 ж. жарияланды. "Тереңдегі ағыстар" (1985), "Сап-сап көңілім" (1988), "Сая таппай, сай таппай" (1993), "Гөй-гөй" (1996) поэзиялык жинақтары жарық көрген. Әр жылдарда республикалық әдеби журналдарда "Ғашық едім қайтейін", "Дүние бір қисық жол", т.б. әңгіме, повесть, романдары басылды. Драмалық шығармаларының ішінен "Кемпір шалдың кенжесі", "Сен де жалғыз, мендежалғыз", "Әлі бойдақпысың?" пьесалары Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық драма театрында сахнаға шығарылып, тұрақты қойылып келеді. Халықаралық "Алаш" сыйлығының иегері (1996).<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}