Қолхат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қолхат – қол қоюшының әлденені алғандығын растайтын, уақыты жазылып, қолы қойылған құжаттама. Құқықта бұл жазбаша дәлелдің бір түрі. Қылмыстық іс жүргізу құқығында қолхат – анықтаушының, тергеушінің немесе соттың рұқсатынсыз тұрақты не уақытша тұратын жерінен кетпеу, сотта істі тергеуге және қарауға кедергі келтірмеу, белгіленген мерзімде қылмыстық іс жүргізуші органның шақыруы бойынша келу жөнінде сезіктінің, айыпталушының немесе оған кепілдік берген басқа адамдардың жазбаша міндеттемесі.<ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы</ref>

Апаттық қолхат

Кеме иесінің диспашеге сәйкес, ортақ апат бойынша өзіне тиесілі үлесті төлеу міндеттемесі.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Stub:Заң

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}