Қолданбалы тіл білімі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қолданбалы тіл білімі - қоғамдық қажеттікті қанағаттандыру мақсатындағы проблемалар мен әдіс-амалдардың жиынтығы. Қолданбалы тіл білімінің дәстүрлі және жаңаша мақсаттарға сай түсініктері бар. Дәстүрлі түсінікке - сөздіктер түзу, әліпби мен жазу жүйесін өңдеу (зерттеу), ана тілі мен шет тілдерін оқытудың лингвистикалық негізінен құру, бір тілден екінші тілге аудару, орфография мен емлеге, тіл мәдениеті және сөйлеу шешендігі мәселелері жатады. Ал жаңаша мақсаттағы түсінікке: машинамен аудару, ақпараттар тілі, терминология және оның ақапарат тілі, терминология және оның ақпаратты іздеудегі рөлі, автоматты миндекстеу, құжаттардың рефераты мен аннотациясын алу, ақпаратты жүйесінің лингвистикалық негізін құру, ақпаратты іздеу қажеттігі үшін тезаурус-сөздіктер түзу, тіл құрылымын анализдеу мен синтездеу жұмыстарын автоматтандыру және т. б. мәселелер жатады. Қолданбалы тіл білімінің жаңа проблемалары дәстүрлі түсініктегі мәселелерді терістермейді, тек қана тілшілер мен математиктердің тығыз одағы мен олардың ЗЕМ-мен қатынаста болуын қалайды. Дәстүрлі қолданбалы тіл білімінің ең құнды проблемаларына жалпы және терминологиялық тіл мәдениеті жатады. Осыған байланысты тілдің коммуникативтік қасиетіндегі сапасын анықтайтын сөздер мен ұғымдары терминдеу қажеттігі туады. Осы тұрғыдан алғанда терминдеуге жататындар: "дұрыстылық", "байлық", "дәлдік", "тазалық", "көркемділік", орындылық", "әрекеттілік", "нанымдылық", "қисындылық", "жеткіліктік". Қазақстанда қазақ тіліне қатысты қолданбалы тіл білімінің дәстүрлі мәселелерімен қатар жаңадан туған ЗЕМ-ге байланысты мәселелері де өзінің шешімін табуда.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}