Қой жуа

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Қой жуа<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>, қызғылт жуа (Үлгі:Lang-la) – амариллистер тұқымдасының жуа туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Жуашығы ұзынша, жеке немесе 2 – 3-тен тамыр сабағына тұтасқан, ені 0,5 – 0,75 сантиметр, бозғылт, қоңыр қабықты.
  • Сабағының биіктігі 25 – 50 см, үш қырлы, жіңішке.
  • Жапырақтары (5 – 6) сабақ түбіне топталған, ені 2 – 4 милиметр, жалаң, мұқыл, жалпақ болады.
  • Шатыршасы шоғыр, көп гүлді, гүлсерігінен 2 – 3 есе ұзын, тең гүлсағақты келеді. Гүлсерігінің жұмыртқа тәрізді жапырақшалары қызғылт күлгін түсті, ұзындығы 4-5 мм. Сабағы гүлсерігімен бірігіп кеткен, қауашағы гүлсерігінен кішірек болады.Маусымтамызда гүлдеп, жеміс салады.
  • Қой жуа – тағамдық өсімдік.

Өсетін жері мен таралуы

Батыс және Шығыс Сібір, Моңғолияға тараған. Қазақстанның Тобыл, Есіл алқабында, Ақмола облысында, Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) Алатауында кездеседі.

Дереккөздер

<references/>