Қойшыбай Сарғожаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қойшыбай Сарғожаев (1969 ж. т., Маңғыстау ауданы, Тұщықұдық ауылы) – облыстағы тұңғыш нейрохирургиялық Еуропа нейрохирургтер академиясының академигі (2001), Ресей нейрохирургтер қоғамының мүшесі. Ақтөбе медициина институтын (қазіргі Батыс Қазақстан медицина академиясы, 1993) бітірген. 1993 жылдан Маңғыстау облыстық емханасында жұмыс жасайды. Сарғожаев облыста жұлын мен ми жүйке талшықтарын босату үшін тұңғыш видеоэндоскопия тәсілдерін қолдануды енгізді. Ол ауыр ми жарақатына хирург. операция жасау және қарқынды емдеу тәсілдерін тәжірибе жүзінде ең алғаш қолданған дәрігер. 2001 ж. Калашников қаруынан жарақаттанған адамның миына жасаған күрделі операциясы сәтті шығып, осы еңбегі Мәскеуде өткен халықар. конференцияда жоғары бағаланды.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref> <ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007</ref>