Қойнау-жүрекше түйіні

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Sinoatrial node high mag.jpg
Қойнау-жүрекше түйіні
Қойнау-жүрекше түйіні (синусно-предсердный узел);

(nodus sinoatrialis, Үлгі:Lang-laтүйін, sinus — қойнау, atrium — жүрекше) — жүректің өткізгіш жүйесін құрауға қатысады. Ол жүректің оң құлақшасы мен алдыңғы (адамда жоғарғы) қуыс вена аралығындағы шекаралық сай тұсында орналасады. Қойнау-жүрекше түйіні жүректің өткізгіш кардиомиоциттерінен тұрады. Олардың цитоплазмасында миожіпшелер тым аз болады, ал диаметрі жиырылғыш кардиомиоциттердің диаметріне қарағанда 2-3 есе жуандау келеді. Қойнау-жүрекше түйінінің орталығында жүректің ырғақты (ритм) жиырылуына түрткі болып, оны іс жүзіне асыратын майда дөңгелекше келген түрткі жасушалар (пейсмекер жасушалар) орналасады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қойнау-жүрекше түйіні|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}