Қойлыбай Қарсақбаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қойлыбай Қарсақбаев (1916, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылы - 1942, Украина, Киев облысы Белая Церковь) - актер.

1938 жылында Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) сахна өнері техникумының қазақ студиясын бітірген.

1938- 1939 жылдарында Шымкент облысы драма театрында актер болды.

1939 жылында әскерге алынып, 2-дүниежүзіне соғыста ерлікпен қаза тапты.

Қазақ актерлері арасынан Қойлыбай тұңғыш рет 2 сериялы "Бірінші Петр" көркем фильміне (1937 - 1938) түсіп, араб Абдурахманның ролін орындаған.

2001 жылында Есік қаласында бір көше актер есімімен аталып, мемориал-ескерткіш тақта орнатылды.

<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала