Қожахмет Мәдібайұлы Баймаханов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қожахмет Мәдібайұлы Баймаханов (Үлгі:Туғанкүні, Жалағаш ауданы) – кәсіпкер, мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген құрылысшысы. 1978 жылы Томск инженер-құрылыс институтын бітірген.

Әскери атағы – аға лейтенант.

Діни көзқарасы – ислам.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы – Ф.Д. Рузвельт.

Қызмет жолы

  • 1978-1982 жж. – Жалағаш кентіндегі №1605 ЖМК-да еңбек жолын бастап, шебер, жұмыс жүргізуші болды.
  • 1982-1989 жж. – №27 ЖМК директоры.
  • 1989-1994 жж. – Бұқарбай батыр атындағы кеңшар директоры.
  • 1994-1995 жж. – ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
  • 1996-1997 жж. – Қызылорда облыстық құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сәулет және аумақтарды дамыту басқармасының бастығы.
  • 1997-1999 жж. – Жалағаш ауданының әкімі.
  • 1999-2004 жж. – Қызылорда қаласының әкімі.
  • 2004-2008 жж. – «Асар-Холдинг» ЖШС бас директоры.
  • 2008-2014 жж. – ҚР Парламенті Сенатының депутаты.

Жеке өмірі

Хоббиі: үлкен теннис.

Сүйіп оқитын әдебиеті: Қазақстан және оның халқы туралы тарихи шығармалар.

Отбасы: Үйленген. Жұбайы — Құстабаева Әзиза (1953 ж.т.).

Балалары: Қыздары — Тымар (1976 ж.т.), Раушан (1977 ж.т.), Шолпан (1978 ж.т.); ұлы — Дархан (1980 ж.т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Марапаттары

  • Парасат ордені (2023);
  • Құрмет ордені (1999);
  • Қызылорда облысының құрметті азаматы (2023);
  • Жалағаш ауданының құрметті азаматы (1998).<ref>СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2023. ISBN 978-601-7059-54-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер