Қожанияз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қожанияз, Қатынқала – XIX ғасырдағы бекініс орны. Қожанияз Қызылорда қаласынан 115 км жердегі ортағасырлық Жент қаласының солтүстік-батысында, Майлыөзек өзенінің жағасында болған.


Оны 1961 жылы Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (жетек. С.П. Толстов) зерттеген. Қазіргі орны 6 га жерді алып жатыр. Орталық бөлігіндегі биіктігі 4 метр төбешік іргелі құрылыс орны болды.
Қожанияздың сыртқы қабырғалары дөңгеленте салынып, шеті Майлыөзек арнасына тіреледі.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Көне дуалының қалыңдығы 2 метр, биіктігі 8 метр шамасында болған. Бекініс айналасында терең ор қазылған. Бекініс кейбір деректер бойынша, 1830 жылы Аққыр тауы маңындағы және Жаңадария мен Қуаңдария өзенінің бойындағы елді басқару үшін салынған. Оны Хиуа бегі Қожанияз басқарып тұрғандықтан, бекініс те соның атымен аталса керек. 1840 жылы бекініс қоқандықтардың қол астына уақытша қараған. 1847 жылы Жанқожа Нұрмұхамедұлы өз жасағымен Қожанияз бекінісін талқандаған.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998. ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}