Қияқөлең

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Қияқөлең<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref> (Үлгі:Lang-la) – қияқөлеңдер тұқымдасына жататын бір үйлі (сирек жағдайда 2 үйлі) көп жылдық шөптесін өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 30 см-ден 1,5 м-ге дейін жетеді.
  • Тамыр сабағы топыраққа төселе жайылып шым төмпешіктер түзеді.
  • Сабағы тік, үш қырлы, кей түрінде қабыса жалпайған. Жер асты тамыр сабағынан жер үстіне жапырақ шығаратын және гүлдеп жеміс беретін өркендер дамиды.
  • Жапырақтары жіңішке, сабақтың тамырға жақын түбінен шығады.
  • Гүлдері дара жынысты, масақ, сыпыртқы тәрізді, шоғырбас гүлшоғырына жиналған. Кейде гүлшоғыры бір масақты болады. Масағы бірыңғай аталық немесе аналық гүлдерден құралады, кейде аралас (масақтың ең ұшында аталық гүлдер, одан сәл төменірек аналық гүлдер) болатындары да кездеседі. Аналық гүлдер ұшы жіңішкеріп, түбі кеңейген қалташада орналасады. Қияқөлеңнің кейбір түрлерінің жер бетіне кең таралуында қалташаның маңызы зор. Қалташа аналық жатынын, одан пайда болған жемісін сыртқы ортаның әр түрлі қолайсыз жағдайларынан қорғайды. Ерте көктемде гүлдейді, желмен және жәндіктермен тозаңданады.
  • Жемісі - 3 қырлы жаңғақша.

Өсетін жері мен таралуы

Жер бетінің барлық жерінде өседі. Қазақстанда барлық аймақтарына таралған 94 түрі бар. Әсіресе, Шу-Іле таулары, Қаратау жотасы (Оңтүстік Қазақстан аймағында), Мұғалжар тауы, Тарбағатай жотасы, Көкшетау тауы, т.б. аймақтардың батпақты, ылғалды, сортаң топырағындағы шалғындықта, далалы, шөлейтті, жартылай шөлейтті жерлерінде өседі, сондай-ақ барлық биіктік белдеулеріне таралған.

Шаруашылықтағы қолданысы

Қияқөлеңерді гүлдемей тұрған балғын кезінде шауып алып, малға жемшөп дайындайды.
Сабағын әр түрлі бұйымдар тоқуға пайдаланады және сүрлем дайындайды.
Шым түзеп өсетіндіктен сусымалы құмдарды бекітеді.

Дереккөздер

<references/>