Қаңлы тілі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қаңлы тілі

Қаңлы тілі– Б.з.б. 3 ғасырда өз алдына жеке хандығы бар ел болып, Сырдарияның орта жерін Амударияның сағасына дейін, бір шетін Балқашқа дейінгі жерді мекендеген тайпалар одағының тілі.

Б.з.б. 2 ғасырда қаңлыға барып қайтқан Чжан-Цзяньнің айтуы бойынша, қаңлының жазуы болған екен. Ол жазумен жазылған жарғылары хан сарайында сақталып, қылмыскерді жазалауға қолданылған. Қаңлы тілі үйсін тілімен бірдей делінген. Қаңлы тілін анықтайтын жарғы бізге келіп жетпеген. Әбу Райхан Бирунидің айтуынша, Хорезм жерніде жазу бар еді; ол азуды, оны білетін адамды Құтейбе ибн Муслим құртты деп жазып кеткен. Оны соғды жазуы дейтіндер де бар..Академик В. В. Бартольд қаңлы мен қыпшақ ертеден – ақ біріне бірі синоним екенін айтады. Көне заманғы аторлар қаңлы мен қыпшақты бір ел деп санаған. Бұған қарағанда қаңлы мен қыпшақ тілі бір болғаны байқалады. Орта ғасырлардағы қыпшақ тілі сөздігі («Кодекс Куманикус») – қаңлы қыпшақ тілінің үлгісі. Алтын Орда тсындағы әдеби тілдің негізі қаңлы-қыпшақ тілі болған. Қазақ халқы хандық құрғанда да осы тл қазіргі қазақ тілінің негізі болып сақталған. Бұл тіл көне үйсін тілімен бірдей деген, көне үйсін тілі хун тілімен бірдей екені де мәлім. Қазақ халқы үш жүзге бөлінгенде жер ыңғайына қарай қаңлы ұлы жүзге қосылса да үйсін, дулат, найман тайпалары тіліндегі «ч», «дж» дыбыстарының болмауын қаңлы тілінің ерекшелігі деуге болады. Бірақ қазақ тілінің болашақ ерекшелігі – сөз басындағы «й» дыбысының орнына «ж» дыбысының қолданыла бастағанын көреміз. Қаңлы – қыпшақ тілі – қазіргі қазақ тілінің бір негізі. <ref> Мұсабаев Ғ.Ғ., Қазақ тілі тарихынан. 1966. </ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер