Қақпан құру

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бүркіт ұстаудың тағы бір түрі қақпан құру. Оның бір-неше түрі бар. Суыр, түлкіге құрылатын қақпанның серіппесін бостау етіп, қанды аузына киіз орап дайындайды. Сонда ғана ол түскен құстың жіліншігін жарақаттамайды. Қақпанды тау қойнауларына құрып, ауыр тоқпақ байлайды. Жанына қыранқара, сарша, ақсары, кезқұйрық сияқты құстарды байлап, жем жұлғызып, қоян түттіріп қояды, айналасына кесек еттер тасталады. Алыстан жем жеп отырған құсты көріп, түз бүркіт іркілмей келіп, жем жеймін деп қақпанға түседі. Бұл тәсілдің тағы бір түрі - жемтік айыру. Түзде бүркіттің өзі ұстап, олжасын басып жеп отырғанын көрген құсбегі бүркітті үркітіп жіберіп, дереу жемтік айналасына қақпан құрып кетіп қалады. Ал бүркіт болса өзі тастай қашқан олжасына қайтып оралып, жемтікті әрі-бері жұлқып жүріп қақпанды басады. Құс кейде қалықтап ұшып, сүзе қағып жүріп шабыттанса, кейде міз бақпай отырып алып, аң-құсты аңдитын қылығын бақылаған құсбегілер құстың көбірек, жиі отыратын орнына қолдан тас оба үйеді. Төбесіне құм төгіп, шөп-шалам тастап, оған жасырып қақпан құрып, қапыда қыранды қақпанға түсіреді. Мұны «оба жию», «обаға қақпан құру» деп атайды.<ref>Саятшылық қазақтың дәстүрлі аңшылығы. - Алматы: "Алматыкітап", 2007. - 208 бет, суретті. Б. Хинаят, Қ.М. Исабеков. ISBN 9965-24-813-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}