Қақаған

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қақаған. Сөздік жасаушыларымыздың түсінігінше, мұның мағынасы — қатты суыну, үскірік ату. «Қақаған аязда туған құлын көп кешікпей қата қалуы күмәнсіз» (Ж. Тілеков, Хинған асу.). Мына мысалға қарағанда «қақаған» есімше тұлғасы үнемі «аяз» сөзінің анықтауышы болуға жаратылғандай. Шынында да солай. Кыстың күніндегі аяздың күштілігін, қаттылығын сипаттауда «қақаған» және соған сай келерліктей «сақылдаған», «сықырлаған», «қытымыр», «қызыл шүнақ» сияқтьі анықтауыштардың «аяз» сөзінің алдында келуі қазақ тілінде жиі кездесетін дәстүр. Бұл жерде біз оның бәріне мысал келтіріп жатуды артық көрдік. Тек қана «қақағаи» сөзінің төркінін анықтауға себі тиер мына бір-екі мысалмен шектелеміз, «Дала сықырлаған аяз» (Сәбит Мұқанұлы Мұқанов, Аспаз). «Сырттағы сықырлаған сары аязға қарамай, төбеге кеп қалған күн терезеге төнді (Ә. Нұрпейісов, Сергелдең). Осы мысалдарға қарағанда «қақаған» түлғасын «сықырлаған». сөзімен де алмастырып қолдануға болады екен.Осыған бой ұрсақ, «қақаған» мен «сықырлаған» мағыналас болар деген жорамал туады. Сонда сөз түбірі «қақ» не «қақа» болмақ. Бұл жорамалымызды кейбір түркі тілдері, қала берді, моңғол тілінің деректері құптағандай. Мысалы, якут тілінде біздің тіліміздегі «сықырлаған аяз» тіркесін «хатан дьыбар» (трескучий мороз) тұлғалы сөздер береді (Як.-рус сл., 1972, 489). «Хатан» сөзіндегі түбірдің «қақ» болмай, «хат» болуы түркі тілдеріне тән дыбыс сәйкестігі заңдылығымен байланысты (ол туралы талай еске салынған). Демек, якут тіліндегі «хатан» біздегі «сықырлаған» мағынасымен бірдей деген сөз. Мұнан да гөрі ойға қонымды, сендірерлік деректі моңғол тілінен ұсынамыз. Оларда «хахинах» қазақ тіліндегі «сықырлау» мағынасымен бірдей (Мон.-қаз. сөз., 1977, 268). Шамасы, «қақ» не «хах» түбірлері өте ертеден түркі және моңғол тобындағы тілдерге ортақ болса керек.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}