Қағанақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Gray30.png
Қағанақ

Қағанақ (Үлгі:Lang-el amnion — сулы қабық, амнион) - эмбриональдық даму кезеңінде ұрықты қаптап жатқан сулы қабық. Қағанақ ұрық денесімен кіндік арқылы байланысып, өзінен сұйық бөлу арқылы ұрықтың айналасында, оның дамуына қолайлы сулы орта түзіп, оны әртүрлі механикалық әсерлерден қорғап, қорғаныс қызметін атқарумен қатар, ұрықты кеуіп кетуден сақтап, оның қоректенуін қамтамасыз етеді. Қағанақ — амниоттарда, яғни адам мен қағанақты омыртқалы жануарларда (құстар мен сүтқоректілерде) жақсы дамыған ұрық қабығы. Құстардың жұмыртқадағы ішбалапандары — эмбриогенездің 16-17 тәуліктерінде қағанақ сұйығын жұтып, қоректік зат ретінде пайдаланады. Қағанақ — ұрық денесінің сыртқы жағындағы эктодерма мен мезодерма спланхнотомының қабырғалық (париетальды) жапырағынан дамып, ұрықты сыртынан қоршай қаптап өскен қағанақ қатпарларының қосылуынан пайда болады. Оның ішкі бетін астарлайтын эктодерма жасушалары қағанақ қуысына сұйық бөледі. Ал қағанақтың сыртқы париетальды мезодерма қабаты несепқабықтың сыртқы висцеральды мезодерма қабатымен бірігіп, қан тамырларының торлары жақсы дамып жетілетін алланто-амнион қабатын құрайды.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

Амнион


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қағанақ|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}