Қашқынбай Қожамбайұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қашқынбай Қожамбайұлы(1830, Нарын құмы, Майтөбе мекені - 1870, Өзбекстан, Хорезм) - ақын. Оның туған ағасы Көшкінбайды ел билеушілері дұшпандықпен өлтіреді. Құныкерлермен өштескен Қашқынбай туған елінен көшіп, бар өмірін сыртта өткізеді, қудалау, түрткі көрумен күн кешеді. Сыр бойына, Хиуа елдеріне бас паналайды. Ақын соңында кіндік кескен топыраққа жете алмай, жырақта — Хорезм елінде 1870 жылы қайтыс болады. Қашқынбай ақынның шығармалары Қ.Сыдиықовтың «Ақын, жыраулар» (1974) деген зерттеу кітабында талданған. Оның кейбір әлеңдері «Бес ғасыр жырлайды» топтамасына енген. <ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub