Қашықтық өлшеуіш

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қашықтық өлшеуіш(Дальномер) — жергілікті жердегі қашықтықты тікелей өлшеулерсіз анықтауға арналған

аспап. Артиллериялық атыста, бомба тастауда, топографиялық түсіруде, навигацияда, инженерлік геодезияда, астрономияда, суретке түсіру кездерінде пайдаланылады. Өзгешеленуі: электромагниттік толқындар және физикалық табиғи тербелістерді пайдаланушы диапазонға байланысты — акустикалық, жарық-қашықтық өлшеуіш (оның ішінде лазерлі), радиоқашықтық өлшеуіштер және оптикалык қашықты өлшеуіштер; ықпал ету принципі бойынша физикалық Қашықтық өлшеуіш (белсенді) және геометриялық (енжар) түрлері болады.