Қашыртқы канал

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қашыртқы канал - артық суды мелиорациялау аумағынан тысқа ағызу үшін салынатын, қашыртқы желінің құрамындағы канал. Жер құрғату аумағынан жер беті және жер асты суларын жинап, канал арқылы басқа жаққа бұрып әкету, суғармалы жердің еңіс жағындағы артық суды су жинағыш каналға қосу үшін пайдаланады. Суғармалы жүйесінде тұрақты каналдардың аяғында салынады және суды су жинау каналына ағызады. Құрғату-ылғандандыру жүйелерінде қашыртқы канал қызметін әр түрлі мақсаттағы құрғату каналдары немесе бас каналдарға шығарылған алаңдардың төменгі шекарасында орналасқан жабық коллекторлар атқарады. Коллектор сағаларынды жабқыштары бар құдықтар қазылады. Қашыртқы канал қызметін, сонымен бірге қия беткейдегі каналдар да (қия беткейдегі су ұстағыш каналдар) атқарады. Олар беткеймен құрғатылған массивтің жоғарғы топография шекарасымен, тасындылардың шөгуін болдырмайтын еңістікпен және бас каналға немесе тікелей су қабылдағышқа шығатын батпақтанған жайылмалардың жоғарғы шекарасымен жер асты суларын ұстайтын су ұстағыш каналдарға қазылады.<ref>Қазақстан табиғаты</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер