Қатысушы:Umkomp/Өсер Мұстафа Батырбекұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тұлға

Өсер Мұстафа Батырбекұлы (21 маусым 1960 жыл, Састөбе кенті, Түлкібас ауданы, Түркістан облысы) — қазақстандық кинооператор, кинорежиссёр, деректі кино саласының көрнекті өкілі. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері (2024). Қазақстан Журналистер одағының (1991) және Қазақстан Кинематографистер одағының (1992) мүшесі.

Өмірбаяны

Өсер Мұстафа Батырбекұлы 1960 жылы 21 маусымда Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Састөбе кентінде дүниеге келген. 1977 жылы орта мектепті бітіріп, Шымкент қаласындағы ГПТУ-38 оқу орнында білім алып, 1978 жылы киномеханик мамандығын меңгерген.

1978–1981 жылдары Кеңес армиясы қатарында әскери қызмет атқарған.

1982 жылы Алматы қаласына қоныс аударып, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында кинооператор ассистенті болып еңбек жолын бастаған. 1985–1987 жылдары Алматы театр-көркемсурет институтында телережиссёр мамандығы бойынша оқыған. 1984–1994 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін сырттай тәмамдаған.

1987–1997 жылдары «Қазақтелефильм» студиясында оператор-режиссёр болып жұмыс істеген. 1997–2016 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешенінде бейнеоператор қызметін атқарды. 2017–2018 жылдары «Qazaqstan» телеарнасында оператор болды. 2018–2023 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Farabi Media» орталығында бас маман қызметін атқарды.

Шығармашылық қызметі

Өсер Мұстафа Батырбекұлының шығармашылығы деректі және ғылыми-көпшілік кино саласымен тығыз байланысты. Ол қазақ халқының салт-дәстүрі, мәдениеті, қоғам қайраткерлері, табиғат пен этнография тақырыптарына арналған көптеген фильмдердің операторы және режиссёры болды.

Қырық жылдан астам еңбек жолында 100-ден астам фильмге операторлық жұмыс жасап, 10-нан астам деректі фильмді режиссёр ретінде түсірген.

Марапаттары мен атақтары

  • Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері (2024)
  • Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» медалі (2013)
  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Ерен еңбегі үшін» медалі (2022)

Қоғамдық ұйымдарға мүшелігі

  • Қазақстан Журналистер одағының мүшесі (1991)
  • Қазақстан Кинематографистер одағының мүшесі (1992)

Отбасы

  • Өсер Мұса Мұстафаұлы (1993)
  • Өсер Иса Мұстафаұлы (1994)

Қосымша мәліметтер

Өсер Мұстафа Батырбекұлы 2005 жылы жарық көрген «Документалды кино XX ғасыр. “А”-дан “Я”-ға дейінгі кинооператорлар» атты анықтамалық-каталогқа енгізілген.

Санаттар