Қатты жапырақты дұғаш
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қатты жапырақты шисабақ<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref> (Үлгі:Lang-la) – астық тұқымдасының дұғаш туысына жататын көп жылдық өсімдік.
Ботаникалық сипаты
- Бикітігі 50 см.
- Сабағы бұтақталған, мықты, гүлі орналасқан жоғарғы бөлігін аздап түк басқан.
- Жапырағы жалпақ, ені 3,5 мм, көкшіл сұр түсті, екі жағы жалаң, ұшы мен жиегі бұдырлы. Жапырақ қынабы жалаң.
- Цилиндр тәрізді сыпыртқы гүлшоғыры ірі, ұзындығы 10 см-дей. Масақшасының ұзындығы 7 мм, сағағы қысқа.
- Тұқымынан көбейеді. Мамыр-маусымда гүлдейді.
Өсетін жері мен таралуы
Қиыршықтасты ұсақ шоқыларда және тау баурайында өседі. Қуаң жер өсімдігі. Қазақстанда Ақтөбе облысының солтүстік аудандарында және Жалпы Сырт сілемдерінде өте сирек кездеседі. Сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Дереккөздер
<references/>