Қатпар (қатпарлы деформация)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қатпар (қатпарлы деформация) — Жер қыртысының терең қойнаулары мен беткі өңіріне тән тау жынысы жиынтықтарының иілмелі түрлермен сипатталатын құрылымдық пішіні; өзін құрайтын тау жынысытар қабатының тұтастығын бұзбай-ақ қалыптасады; әдетте, Қатпар термині әр түрлі масштабтағы (көлденеңі ондаған м-ге дейін) иілмелі пішіндер кұрайтын шөгінді және метаморфтық тау жынысытар қабатына катысты қолданылады. Қатпарлардың пішіні мен кеңістіктегі орны олардың ұзындығымен және көлденеңімен ғана емес, әр түрлі шартты жазықтықтар мен түзу сызықтардан тұратын қабаттардың астасу элементтерімен де сипатталады. Қатпардың мұндай элементтерінің қатарына жататындар: олардың қанаттары, ядросы, күлпы, осьтік жазыктығы, осі, топшысы және қанаттарының еңістену бұрышы, Антиклиндік қатпар тұрғысынан "күмбез", "айдар" және "периклин", ал синклиндік қатпарға тән "мульда", "түрен" және "центриклин" деген түсініктер ерекшеленеді. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Geology-stub