Қатпарлардың морфологиялық типтері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қатпарлардың морфологиялық типтері — кез келген типтегі қатпарларды пішіні, құрылыс және мөлшер ерекшеліктері тұрғысынан жүйелеу түрлері:

1) осьтік жазықтығының еңістену дәрежесі және қатпар қанаттарының еңістену бағыты тұрғысынан қатпарлар тік, еңіс, аударылған және жатаған болып бөлінеді;

2) катпар құлпының пішін ерекшелігі және катпар қанаттарының еңістену бағытына қарай айдар тұрқылас, желпуіш түрқьшас және қауашык тұрқылас қатпарлар дараланады;

3) қатпар құлпының пішін ерекшелігі тұрғысынан үшкір, жұмыр және түрен тұрқылас қатпарлар сараланады;

4) қатпардың қатпарлану дәрежесіне қарай сүйір, доғал, жабық және ашық қатпарлар белгілі;

5)қатпар қанаттарының еңістену бұрышына сәйкес доғал бұрышты, тік бұрышты және изоклиндік қатпарларды оқшаулауға болады;

6) қатпардың қатпарлану пішіні- не қарай қарапайым және күрделі қатпарлар ерекшеленеді;

7) осьтік жазықтығының пішіні мен еңістену дәрежесіне қарай қатпарлар симметриялы және жалқыпішінді қатпарларға жіктеледі;

8) қатпар ұзындығы мен енінің өзара катынас мөлшері тұрғысынан иілмелі қатпарлар, брахиқатпарлар және күмбездер (мульдалар) деп саралауға болады. кешенмен байланысты эндогендік кендіформация тобы. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Geology-stub