Қатар (математика)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚAТАР — мына түрдегі шексіз қосынды: <math>~u_{1}+u_{2}+\ldots +u_{n}+...</math> немесе қысқаша <math>~\sum _{n=1}^{\infty }u_{n}</math> болып жазылады.<math>~ u_{1},u_{2},\ldots u_{n\ldots }</math>- қосылғыштары катардың мүшелері деп аталады, қатардың шектеулі санды мүшелерінің қосындысы <math>~S_{n}=u_{1}+\ldots +u_{n},</math> мұндағы<math>~n = 1, 2, ..., - n</math> ретті қатардың дербес қосындылары делінеді.

Қатар сандар мен функцияларды зерттеуде және жуықтап есептеуде қолданылатын маңызды құрал болып табылады.

Мысалы, шектеусіз ондық бөлшек <math>~0,333\ldots =\dfrac {3} {10}+\dfrac {3} {10^{2}}+\ldots</math> және шектеусіз кемімелі геометриялық прогрессияның мүшелерінің қосындысы <math>~1+q+q^{2}+\ldots q^{n}+\ldots =\dfrac {1} {1-q}, </math>мұндағы <math>~|q|< 1,</math> қатарға мысал болады.<ref>"Математикалық ойашар", "Қазақ энциклопедиясы" Алматы, 2009 ISBN 9965-893-25-X</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Math-stub