Қасым Аманжол

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қасым Аманжол (11.8.1977.) - тележурналист.<ref> "Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-0-3-0070-5 </ref>. ҚазҰУ-ді (1996), Т.Жүргенов атындындағы Қазақ ұлттық Өнер академиясын бітірген (2006).

Еңбек жолын 1998-99 жылдары республикалық "Zaman Қазақстан" газетінде тілшіліктен бастап, 1999 жылы "Алтын бесік" журналында, 1999-2000 жылдары "Жас Алаш" газетінде, 2000-2001 жылдары "Қазақ әдебиеті" газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, 2001-2006 жылдары - "Қазақстан" ұлттық телеарнасында теле-комментатор, 2007 жылы "КТК" телеарнасында тележүргізуші, 2007-2008 жылдары - "Жас қазақ" газетінде бас редактордын орынбасары.

Қазір "31 арнада" продюссер, тележүргізуші. Қазақстан ұлттық арнасында телекөрермендер арасында аса әйгілілікке ие болған "Шыңның жүзі" пікірталас хабарының авторы. "31 арнадағы" мемлекет өмірінің саяси, әлеуметтік, мәдени қырларын ашуды көксеген "Пікір алаңы" жобасының авторы. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығы мен "Серпер" Жастар одағы сыйлығының иегері.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}