Қасымжанов Асан Баймұханұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қасымжанов Асан Баймұханұлы1947 жылы Алматы облысы, Қаскелең қаласында дүниеге келді. <ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, «Білім» баспасы. 2005 ж. – 576 бет. ISBN 9965-09-134-Х </ref>

Мәскеу полиграфиялық институтын бітіріп, инженер-экономист мамандығын алып шықты. Еңбек жолын 1966 жылы Алматы қалалық №2 баспаханасында аға мастер, цех басшысы болып бастады. 1979-1982 жылдары Қазақстан КП Орталық Комитеті баспаханасында газет цехінің мастері қызметін атқарды.

1982-1986 жылдары Қаскелең баспаханасының директоры, 1987-1990 жылдары «Кітап» баспаханасында цех меңгерушісі болды. 1990-2005 жылдары '«Ана тілі», «Білім», «Рауан», «Просвещение Казахстана» баспаларында директордың орынбасары, қазіргі кезде «Алатау» баспа-полиграфиялық корпорациясы» – «Алматы – Болашақ» акционерлік қоғамының баспаханасында өндіріс бөлімін басқарады.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}