Қасиетті дұға
Қасиетті дұға («Өмірден тепкі жесем жазығым жоқ...»)- М. Ю. Лермонтовтың «Молитва» шығармасынан 1897 ж. Абай тәржімелеген өлең. Көлемі 12 жол. Лермонтов өлеңін Абай «Дүға» деген атпен «Өмірде ойғатұсіп кем-кетігіңнен» бастап бір аударса, «Қасиетті дүға» дегенатпен тағы да аударған. Абай аудармасының осы екі нұсқасы да орысша нұсқаға мағынасы жағынан түгелдей алғанда жақын және көркемдік сапасы да жоғары. «Дұға» өлеңінде бір назар аударатын ерекшелік - Абай «Осы өлең - оқитұғын дұғам менің» деп, орысша түп нұсқаның мағынасын бұл тұста өзінше айқындап ашып береді. Орысша нұсқада «оқитын дұғам - өлеңім» деп тура айтылмайды. Лермонтовта: «Одну молитву чудную Твержу я наизусть»,- делінген.Туындыдағы бұл сөздерді Абай дәл аударып: «Қайта-қайта оқысам бір дүғаны»,- деп келтіреді. Оның есесіне Абай Лермонтов өлеңіндегі ойды дамытып, түйіндеу жағынан маңызды: «Есть сила благодатная...» деп басталатын екі шумақты «Дүға» өлеңіне қарағанда соңғы нүсқада еркінірек тәржімелеген. Мысалы, соңғы: «И верится, и плачется, И так легко, легко»,- деген жолдарға «Дүға» өлеңіндегі: «Болады жылауға да, сенуге де, Жүректің басынан у төгілгендей»,- деген сөздер мағынасы жағынан жақынырақ. Ал «Қасиетті дүға» өлеңінде бұл жолдар: Адамның баласына ашып жаным, Ізгілікке жүрегім бір үмтылар,- деп тәржім өлеңін, адамгершілік сарынның айқын керінуіне мүмкіндік береді. Осыған орай Абай сомненье деген сөзді сенімсіздік деген дей мағынада алмайды, көңілім сенімсіздіктен арылады демейді, «Кек арылып көкіректен, ұмытылар» дейді. «Дүға» өлеңінде де «Кеңілден кернеген кек кемігендей» дейтінін еске алсақ, бұл дәл осылай айтуға мән бергені байқалады. Лермонтовтың өлеңін В. Г. Белинский орыс ақынының өмірге үлкён сеніммен қараған, оптимистік сөзімге тән лирикалық шығармаларының қатарына қосқан болатын. Абайдың да бұл өлеңді жоғары бағалағаны және осындай қасиетін тани білгені оны бір емес, екі рет шебер тәржімелеп, оптимистік сарында қазақша толық жеткізе алғанынан айқын аңғарылады. Туыңцы 11 буынды қара өлең ұйқасы ернегімен кестеленген. Алғашқырет 1946 ж. жарық көрген ақын шығармалары жинағыңда жарияланған. Өлең басылымдарында ешқандай текстологиялық өзгерістер көздеспейді. Тек қана Абай шьғармапарының 1945, 1954, 1957 жылғы толық жинақтарыңда «Қасиетті дұға» алты шумақ өлең болып басылып алғашқы үш шумақ аударма өлеңге мына төменгі үш шумақ қосарланып басылған: Ерекше естен кетпес қызық қайда? Жолығатын қыз қайда терең сайда? Сұлулығын қояйын, мінезі артық, Ақылды, асыл жүрек, сөзі майда. Бұл өмірдің қызығы махаббатпен, Керге кірсең үлгілі жақсы атақпен, Арттағыға сәзің мен ісің қалса. Өлсең де, өлмегенмен боласың тең. Жүректен ізі кетпес қызық керсек, Жақсылықты аянбай жұртқа бөлсек, Жақынныңда, жардыңда, асықтыңда - Бәрінің де қызығын көріп білсек. Бұл үш шумақтың «Қасиетті дүғаға» мағынасы жағынан тікелей жалғастығы жоқ болғандықтан 1977 жылғы жинақта Абайдың төлтума өлеңі ретінде бөлек басылды.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>
Дереккөздер
<references/>