Қарқаралы сыртқы округінің құрылуы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

XVIII ғасырдан, әсіресе, осы ғасырдын ортасынан басталған саяси оқиғалардың негізі - Қазақстанға деген Ресей протекторатынын орнығуы мен бекуі болды. Мұның ішінде, протектораттың бағындыруға негізделген элементтері бар формасы орнықты. XVIII-ғ. мен XIX-ғ. ғасырдың басындағы Қазақстан мен Ресей арасындагы қарым-қатынастың осы түрі Қазақстанды Ресейге бағындыруға әкелген көпір болып саналады.

Кейінірек, "Уақытша Ереженің қабылдануымен", қазақтарға жалпыресейлік заңдардың таралуымен, басқарудың жаңа жуйелері және ортақ салық жуйесінің енгізіліуімен, 1860-жылдардан Ресей бодандығына ену кезеңі басталады.

Протекторат кезеңінде қазақтарды империялық билікке толық бағындыруға бағытталған аса маңызды саяси, әлеуметтік-экономикалық, әскери-стратегиялық сипаты бар шаралар бірте-бірте, сатылай жүргізілді. Патшалық әкімшіліктің Орынбор мен Сібірдегі отаршылдық мекемелері арқылы жүргізген хандық билікті әлсірете отырып, кейін оны жоюға бағытталған жоспары алдымен қазақ жерлерінің аумақтық-әкімшілік тұрғыдан өзгерулеріне әкелді.

Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстан (Орта жүз) үшін бұл өзгерістер Сібір мекемесіне қаратылған сыртқы округтердің ашылуы түрінде жузеге асырылды.

Хандық биліктін жойылуы оның алғы шарттары болып саналатын осы институттын беделі мен мәнін түсіруге бағытталған сан алуан шаралардан құралған бірнеше жылғы іс-шара еді. Хандар ресми бекітілуі керек болды, беделі төмен, қабілетсіз, айтқанмен жүретін хандар сайланды, ақылды, күшті хандар жоққа шығарылды, бағынбайтын, дербес хандар биліктен аластатылған сияқты т.б. қитұрқылықтар қолданылды.

Мұндай іс-шаралардың қатарында қазақтың жекелеген билік басындағылар арасындағы бәсекелестікті қыздыра түсу, билік үшін ішкі саяси күрес туралы жалған көзқарас туғызу, бір өлкеден бекітілетін хандардың санын жасанды жолмен көбейту сияқты тәсілдер де болды.

1822 жылы Александр I жарлыгымен Орта жүздегі хандық билік жойылады.

1822 жылы, ұзақ дайындықтан кейін, Орта жүз аумағын басқарудың жаңа ережесін белгілеп, айқындайтын ерекше құжат - "Сібір қазақтары туралы Жаргы" қабылданды.

1822 жылдың 22-шілдесімен белгіленген "Жарғының" өзі 10 тараудан құралатын көлемді құжат болды. Онда барлығы 319 тармақ бар.

Мұндағы 1-тармақтың кіріспесі "Сібір қазақтары көшпелі бұратаналар табына жатқызылады және олармен тең құкылы" және "Сібір қазақтарының мекені Омбы облысының сыртқы округтерінен құралады" дегеннен басталады. Құжатты жасаушылар, әсіресе 19 ғасырдың белгілі ресейлік қайраткері М.Сперанский мен әріптестері "Жарғы" әрекеттерімен жаңа қабылданған халық өмірінің сан алуан қырларын мейлінше жан-жақты қамтуға тырысады.

Жарғы басында округтік приказдар тұратын сыртқы округтердің құрылуын негіздеді. Округтегі басқарма мен сот ісін облыс басшысы тағайындайтын аға сұлтанның екі орыс қазысының "құрметті қазақтардан"билер мен старшындар сайлайтын тағы екі қазының, басқа шенеуніктердің қатысуымен округтік приказ жүзеге асырды. Округтік приказдың канцелияриясы мен аудармашылары болды. Округ болыстық басқармасы бар болыстардан (волость), болыстар старшиналар басқаратын ауылдардан құралды.

Сөйтіп, округ—болыс—ауыл деген жаңа әкімшілік-территориялық үштік жүйе енгізілді. І-тараудың 5,7 тармақтарында олар төмендегіше белгіленді: ауыл 50-70 түтіннен, болыс 10-12 ауылдан, округ 15-20 болыстан құралды.

Округтер ашылмас бұрын-ақ Жарғы қазақ тіліне аударылып, алыс ауылдардағы танымал адамдарға таратылған. Бөкей мен Уәли хандардың иелігіндегі Қарқаралы мен Көкшетау өңірлеріне ерекше мән беріліп, осы өлкелерде алғашқы сыртқы округтерді ашу көзделді.

Алғашқы сыртқы округ Қарқаралы 1924-жылдың 8-көкегінде ашылды. Онда шамамен 20 мың отбасы бар еді. Тұрғындар саны мөлшері 60 мыңдай ер адам бар деген есеп бойынша жүргізілді.

Округ әлдеқашан құрылған, шенеуніктердің барлық құрамы жұмыс істеп тұрған Қарқаралы қонысында приказ орнатылған болса да, Қарқаралы округін ашу туралы жарлық біраз уақыт өткен соң, яғни 1824-жылдың 24-шілдесінде ғана бекітілді.

Омбы әкімшілігінің талпыныстары нәтижесінде Орта жүз қазақтарының ішінде ашылған мекемелердің қатарында Қарқаралы приказы алғашқысы болды. 21 күн өткеннен кейін 1824 жылдың 29 көкегінде екінші - Көкшетау приказы ашылады. «Сібір қазақтары туралы Жарғы» бойынша жалпы 8 округ ашылуы тиіс болатын.

Ашылу уақыты бойынша ең соңғысы, осы тізімге енбей қалғаны - 1844 жылы ашылған Көкпекті округі болды.

Қаркаралы округі Сібір басқарылуындағы барлық 8 округтін ішіндегі ең үлкені болды. Ашылу кезінде округте шамамен 20 мың түтін және барлығы 60 мыңдай тұрғын бар деп есептеу қалыптасқан.

Осы мәліметке Красовскийдің де жазғаны жуық келіп, ол: жаңа ашылған Қарқаралы округінде «18 болыс, 147 ауыл, 18 320 түтін» болған дейді . Тұрғындар саны өсіп отырғаны байқалады. 1850-жылдары П.Кеппен мәліметі бойынша мұнда 146 655 адам тұрса, 19-ғасырдың соңында (Ресей империясы тұрғындарының бірінші жаппай санағының мәліметі бойынша) уез аумағында 171 655 адам тұрып, оның 169 656 қазақ болған .

Қаркаралы және Көкшетау округтерінен кейін 7 жыл бойы. 1831 жылға дейін жаңа округ ашылмады. Осы екі округ орналасу мен іс жүргізілу мәселелерінде алғашқы қиындықтарды бастан кешті.

Қарқаралы округіндегі болыстардың негізгі де тұрақты құрамы 1830-жылдарға таман қалыптасты. 1841-жылдың қазан-қарашасындағы жағдай бойынша округ төмендегі 17 болыстан құралды:

Негізінен Қарқаралы сыртқы округінің құрамын 17-18 болыс құрап отырған.

Округ 1840-жылдардың соңына қарай бір жобаға келіп, негізгі үш пикеттік линия (бекет жолдары) тартылады:

  1. Баянауыл арқылы Омбыға өтетін ең алғашқы линия;
  2. Қу, Едірей арқылы Омбыға баратын - жаңа (қосымша) линия;
  3. Қарқаралы - Ақмола линиясы. 1840-жылдары «онша маңызды емес құжаттарды таситын» пошташы қазақтар пайда болады.

1860-жылдары уез ашылған соң, Қарқаралыны Семеймен жалғастырған атақты Майлығара трактысы пайда болады.

XIX-ғ. аяғы мен XX-ғ. басында (төңкеріске дейін) уезге жалпы саны 22 болыс қарады.

Қарқаралы уезінде 19-ғ. соңына қарай барша Қазақстан жеріне тән курделі әлеуметтік-экономикалық, т. б. процеccтер мен өзгерістер орын алды. Қазақ дәстурлі шаруашылығы мен қауымы өзгерістерге түсті, сауда, кәсіпшілік, өндірістік багыттар өрістеді, Қарқаралы қаласы саяси оқиғалардың орталығы сипатын ала бастады, қырдағы қалың қазақтың нағыз жанашырлары - қазақ зиялылары қалыптасты.<ref>История Казахстана с древнейших времен до наших дней. А., - 2000, Т.3.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}