Қарға мен түлкі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

«Қарға мен түлкі» («Жұрт біледі, күледі») - Абайдың 1898ж. И. А. Крыловтан аударған мысал өлеңі. Мысал көлемі түпнұсқада 26, аудармада 47 жол. Ақын мысал мазмұнын толық сақтап, буын санын азайтып, жыр үлгісімен тәржімелеген. Мысалдың алғашқы жолдарындағы айтылар ойдың түп қазығын қазақ оқырмандарына үғымды етіп, оп-оңай жеткізеді. Түп нұсқада қошеметшілердің жыл-постығы, айла-амалы әлемге аян бола түрса да, олардың қашанда жол тауып, сан соқтырып кететіндігі айтылады.

Сәл ғана өзгерістері болмаса, аудармадағы ой өзегі де осы. Абай орыс ақынында жоқ «күледі», «өкіну» сөздерін енгізу арқылы мысалдың негізгі ойын айқындай тұскен. Түп нұсқада ірімшік тауып алған қарға таңертеңгі асын жеуге қамданды десе, аудармада қарғаның «қарны аштығы» айтылады. «Бір жеп алып, шүкірлік қылайын деп аллаға» деген ұғынықты жолдарды ақын өз жанынан қосқан. Ал түлкінің қарғаны алдап түсіру мақсатымен айтқан қошемет сөздері Абай аудармасында мүлдем құлпырып кеткен. Абайдың тәржімелеуіндегі: «Өзіне біткен өңешін Аямастан қарқ етті, Ірімшік жерге салп етті, Қу кетті, іс бітті» - деген жолдар өлең аудармасының классик. ұлгісі болып табылады. Түп нұсқасының буын саны әр түрлі, көбіне 12, 13 болса, аударма 6, 7, 8,10 буын- ды, аралас ұйқас ұлгісінде кестөлеңген. Алғаш рет 1909 ж. С.-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны ИбраҺим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарық көрді. Мысал өлеңнің басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі. 1945 жылғы басылымда 13-жол «Тойып алып, шүкірлік», 16- жол «Ойлап қарап түр еді», 20-жол «Жақындап барып барлады», 35-жол «Әншілігің білінді», 42- жол «Қуанғаннан бүртініп» болыпберілсе, кейінгі басылымдарда Мүрсейіт қолжазбалары бойынша бұлжолдар «Бір жеп алып, шүкірлік», «Ойланып қарап түр еді», «Ептеп барып барлайды», «Әншілігің белгілі», «Қуанғаннан бөртініп» түрінде айтылған. Тек 1954 жылғы жинақта 35-42 жолдар 1945 жылғы басылыммен бірдей. Сондай-ақ 1945 жылғы басылымда мысал өлең «Түлкі мен қарға» деген атпен жарияланса, кейінгі басылымдарда Мүрсейіт қолжазбалары мен 1909 жылғы жинақ негізінде «Қарға мен түлкі» түрінде берілген.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub