Қарғалы бөгені

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Қарғалы бөгені.jpg
Қарғалы бөгені

Қарғалы бөгені - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы жерінде, Қарғалы өзені бойында орналасқан. 1975 жылы пайдалануға берілді.

Сипаты

Ауданы 28,5 км2, ұзындығы 13,7 км, енді жері 3,0 км, орташа тереңдігі 10,0 м, ең терең жері 31,8 м, шарасының сыйымдылығы 280 млн. м3. Су жиналатын алабы 2220 км2. Жағасының ұзындығы 45 км.

Шаруашылықтағы маңыздылығы

Жылына 9,4 мың га егістік жер суғарылады, сонымен бірге шабындық және жайылым суландырылады. Суы мал суаруға, ауыз су үшін пайдаланылады. <ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер