Қаршыға Есімсейітова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қаршыға Есімсейітова - 1959 жылы 17 желтоқсанда Қызылорда облысы, Сырдария ауданында Қызылжарма ауылдық округінің Коммунизм бөлімшесінде туған.

Өмірбаяны

1976 жылы Қызылорда қаласындағы 43 мектепті бітіріп, сол жылы Шиелі ауданындағы «Өскен өңір» ғазетінде еңбек жолын бастаған. 1982 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген.

«Қазақстан пионері» (қазіргі «Улан») газетінде, «Қазақстан мектебі» журналында, Республикалық халық шығармашылығы орталығында, Қазақ радиосының балалар мен жастар редакциясында қызмет еткен. Қазір «Қазақстан — Қызылорда» телеарнасының редакторы.

Шығармашылығы

«Таңбалы тас», «Қорқыт», «МұстафаШоқай», «Сыр өңірінің түлғалары» атты сериялы деректі фильмдердің авторы. Республика баспасөзінде өлеңдері 1978 жылы тұңғыш жариялайды. 1986 жылы «Қарлығаш» ұжымдық жинағына өлеңдері енген. 1994 жылы «Аңсағай атамекенім» атты кітабы жарық көрді.

Марапаттары

1997 жылы Журналистика саласындағы еңбегі үшін Журналистика академиясының «Алтын жүлдызын» иеленген. Облыс әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған (2004).<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}