Қаршымбай Ахмедияров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Ахмедияров Қаршымбай (1946) — күйші-домбырашы, Қазақстанның халық артисі (1991). Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген (1972). 1967 — 1991 жылы Құрманғазы атындағы қазақ академия халық аспаптар оркестрінде домбырашы, кейіннен концертмейстер, жеке домбырашы және дирижер қызметтерін атқарды. Ахмедиярұлының репертуарында отандық композиторлардың күйлері, сондай-ақ, шетел композиторларының шығармалары бар. 1974 жылдан Алматы мемлекеттік консерваториясында педагогикалық қызметпен (1994 жылы профессор, 1991 жылы кафедра меңгерушісі) шұғылданып, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысты.

Ахмедиярұлы — “Шашақты найза, шалқар күн” (Махамбет), “Әсемқоңыр” (Дина), “Сарыарқа” (Құрманғазы), “Жігер” (Дәулеткерей), “Атырау” күйлер жинағы кітаптарын жарыққа шығарды. Оның “Нарын”, “Қуаныш”, “Сағыныш”, “Аққайың”, “Желдірме” т.б күйлері бар. Ахмедиярұлы гастрольдік сапармен Болгария, Венгрия, Югославия, Куба, Финляндия, Франция, Италия, Үндістан, Ангола, Португалия, Жапония, АҚШ т.б. елдерде болды.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том</ref><ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub