Қарсы (қала)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қаршы (Үлгі:Lang-uz) — Өзбекстанның Қашқадария облысынының әкімшілік орталығы<ref>http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%B0%D1%80%D1%88%D0%B8</ref>. Халық саны — 238,2 мың адам.

Географиясы

Қаршы Памир-Алай тау жүйесінің батыс бөлігіндегі Қаршы алқабында, Қашқадария өзенінің бойында орналасқан.

Климаты — құрғақ, жауын-шашын мөлшері — жылына 200-400 мм.

1970 жылдары Амудария өзенінен жерді қолдан суару каналы жүргізілген.

Қала Ташкент қаласының отүстік-батысынан 400 км қашықтықта орналасқан. Қаршының шығысынан 10 км қашықтықта Қаршы-Ханабад әуе-әскери базасы бар.

Тарихы

В.Бартольдтің пікірінше моңғолдар ханы Кебек (1318-1326 жылдары)Мәуереннахрға қоныстанған соң, оның оңтүстік бөлігінде "Қаршы" сарайын тұрғызған. Моңғол тілінде "қаршы" сөзі "сарай" мағынасын береді.

Архелогиялық қазбалар қаланың негізі 2700 жыл бұрын қаланғанын дәлелдеп отыр. Сәйкесінше қала Өзбекстандағы ең ежелгі қалалар тізімінде. Осыған қарай 2006 жылы қаланың 2700-жылдығы аталып өтілді.

Бұхара хандығы кезеңінде Қаршы қаласы бектіктің орталығы болған және ол тұрғындарының саны жөнінен Бұхара қаласынан кейін екінші орында тұрды.

1926 жылы Қаршы қала дәрежесіне қол жеткізеді. 1926 жылдан 1937 жылға дейін қала атауы Бекбуди болған.

Экономикасы

Ауданда табиғи газ шығарылады(Шуртан кен орны), сондай-ақ мақта және дәнді-дақылдар өндіріледі.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}