Қарману

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қарману. Қазіргі кездегі түсінігіміз бойынша — ұстау, тұту, жармасу мағыналарында қолданылады. Қырғыз тілінде де «карман» тұлғасы біздегі мағынадағыдай. Әрине, мұның бәрі соңғы кездерде пайда болған мағыналар. «Білім де, өнер де, мамандық та — бәрі де жас шағыңда қармап қалмасаң, ұстатпайды» (С.Байжанов, Жастық шақ.). Бұл етістіктің алғашқы тұлғасы мен мағынасы жөнінде кесіп-пішіп пікір айту да қиын. Дегенмен, кейбір тіл деректерін арқалана отырып, мынадай жорамалға жол бермекпіз. Бірқатар түркі тілдерінде біздегі «қалта» сөзі өзгеше дыбыстық құрамда: якуттарда — «хармаан», туваларда—«кармак» (. Кейбір ғалымдар бұларға орыс тілінен ауысқан деп қараса, Рясянен бұған қарама-қарсы, түркі тідерінен шыққандығын дәлелдеу үшін шағатай тілінде «кар» тұлғасы барлығын және оның мағынасы—басакөктеп кіру, ішіне кіру екендігін айтады. Якут, тува тілдеріндегі тұлғаларды орыс тілінің әсері делік. Ал, «қалта» мағынасын беретін моңғол тіліндегі «хармаа», қалмақ тіліндегі «хор» сөздерін басқа бір тілдің әсері деу үшін көптеген дәлелді керек етеді. Ондай деректі кездестірмедік. Біздің топшылауымызша, ішіне зат салатын, кіргізетін нәрсенің атауы Рясянен көрсеткен «кар» етістігінен пайда болуы ықтимал. Осыдан моңғол тілдеріндегі «хармаа», «хор» сөздері жасалған деуге болады. Соған салған нәрсенің бар, жоғын іздестіргенде қолмен ұстап байқау да дағдылы іс-қимыл. Осыдан келіп, қазіргі қазақ, қырғыз тілдеріндегі «қарману», «карман» етістіктері туған. Әрине, бұл тұлға, мағына езгерістері жағынан басынан көптеген дәуірді еткізген. Сондықтан да онша нанымды бола бермеуі де мүмкін. Дегенмен, өз жорамалымызды тиянақтай түсу үшін, халық есінде кәптен сақталып, қалыптасқан «жатқа жалынғанша, жат та жаиыңды қарман» мақалын көлденең тарталық. Мұның мағынасын қалай түсінуге болады? Біздің шамалауымызша, «езіңде жоқты басқадан іздеп әуре болғанша, қалтаңды қара, жатқан-тұрған бір нәрсе қалуы мумкін» деп өзін-өзі жұбатушылық — деп ойлаймыз. Сөйтіп, «қарману»— өте ертеде етістік, одан кейін зат есімге айналып, соңғы кездерде езінің бұрынғы күйі — етістікке қайтадан ауысқан деуге болады.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}