Қарлығаш Сәкенқызы Тебенова
Үлгі:Ғалым Қарлығаш Сәкенқызы Тебенова — медицина ғылымының докторы (2011), доцент (2005).
Мазмұны
Өмірбаяны, еңбек жолы
1966 жылы 11 шілдеде Алматы облысында туған.
Қарағанды мемлекеттік институтын бітірген (1990, қазіргі Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті).
1990-91 жылдары Қарағанды қаласы бұрынғы Ленин аудандық сан-эпидемиологиялық стансасында дәрігер-гигиенист, 1991-92 жылдары Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар институтында кіші ғылыми, ғылыми қызметкер, 1999-2010 жылдары Қарағанды мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, доцент, 2004 жылдан кафедра меңгерушісі қызметін атқарады.
Ғылыми бағыты, еңбектері
Негізгі ғылыми бағыты – гигиена, еңбек медицинасы, биология.
"Бейнедисплейлік терминал қызметкерлерінің кәсіби қаупін бақылау мен басқарудың жүйесін әзірлеу" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
Жарияланған ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектерінің саны 440-тан астам, оның ішінде 7 авторлық куәліктің, 1 аладын ала патенттің авторы.
Марапаттары
- "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағаның иегері (ҚР БҒМ, 2010);<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>
- Т.К. Қамзабаев атындағы сыйлықтың иегері (ҚарМУ, 2009);
- "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағының иегері (ҚР БҒМ, 2011);
- Ғылым мен техниканың дамуына қосқан үлесі үшін мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері (ҚР БҒМ, 2016).<ref>ТЕБЕНОВА ҚАРЛЫҒАШ СӘКЕНҚЫЗЫ.</ref>