Қаржаубай жотасы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Тау Қаржаубай – Баршақұм құмының солтүстік-батысындағы жота.
Географиялық орны
Қызылорда облысы Арал және Ақтөбе облысы Шалқар аудандары жерінде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 109 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 19-20 км-ге созылып жатыр, енді жері 7 км.
Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 109 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 19-20 км-ге созылып жатыр, енді жері 7 км. Солтүстігінде Бозғынбай, батысында Дәулетжаға төбелері, шығысында Қалмас жотасы, оңтүстігінде Жыланбас құдығы орналасқан. Сұр, сортаң топырақ жамылғысында жусан мен бұта аралас эфемерлі өсімдіктер өседі.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>