Қара меңдуана

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Қара меңдуана (Үлгі:Lang-la) – алқалар тұқымдасы, меңдуана туысына жататын екі жылдық шөп тектес, ұнамсыз иісі бар улы өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Өсімдіктің сабағы тік, бұтақтары көп, биіктігі 20-120 см-ге дейін жетеді.
  • Өне бойын түгелдей жұмсақ ақ түсті, жабысқақ түк басқан.
  • Жапырақтары жұмсақ түкті, пішіні жұмыртқа тәріздес, кезектесіп орналасқан, оның үстіңгі беті қошқыл жасыл, ал астыңғы беті сұрғылт түсті. Төменгі жапырақтары жертаған, ұзын сағақты, эллипс тәрізді. Сабақ жапырақтары қондырмалы.
  • Гүлдері - ірілеу, бұтақшалардың ұшына таман, жапырақтарының қуысында орналасқан. Гүлінің түсі сарғыштау немесе сұрғылт ақ, күлгін, сия-көк жүйкелері бар. Маусым-шілде айларында гүлдеп, шілде-тамызда жемісі пісіп жетіледі.
  • Жемісі - көп тұқымды, құмыра тәрізді қорапша, қақпағы бар.
  • Тұқымдары майда сұрғылт түсті.

Өсетін жері мен таралу аймағы

Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі. Ол тұрғын үй, мал қораларының маңында, жол бойында, егістіктің шетінде, керексіз қоқыс төгетін жерлерде жиі өседі.

Құрамы

Емдік қасиеті, қолданысы, улағыштығы

Қара меңдуана дәрілік шикізаты және одан жасалған препараттар жүйке жүйесін тыныштандыруға, аяқ-қолдың дірілін басуға қолданылады.
Өсімдік жапырағының ұнтағы "астматол" препаратының құрамына кіреді, ол кеңірдектің демікпе ауруына қарсы пайданалады.
Меңдуана майы адамды тыныштандыруға, сондай-ақ ревматизм, радикулит ауруларына қарсы қолданылады.
Қара меңдуанамен уланғанда жүйке жүйесінің қозуы тежеліп, әлсіреп, тынысы тарылады, ондай жағдайда дереу дәрігерге қаралу қажет.
Қара меңдуананың жапырақтары маталарды сарғыш жасыл түске бояйды.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер