Қара би

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақтың билік жүйесінде биді халық өзі таңдайтын. Би болатын адам әуелі билік мансап алмай тұрып, ел алдында беделді, сөзіне елі тоқтаған азамат болуы шарт. Қолында ресми билігі жоқ, бірақ ел арасында сөзінің салмағы бар адамдарды ел «Қара би» деп атайды екен. «Қара билер» ел ұстаған ұлықтармен бірдей саналып, елдің дау-шарын шешуге араласып отыратын болған. «Қара бидің» атағы елге жайылып, жұрттың бәрі оның билігіне мойынсұнатын деңгейге жеткенде халық оны ресми түрде билікке сайлайды. <ref>«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер